Бухгалтерлік есеп - Форум

Сhair of Accounting & Audit.UIB



Главная Мой профиль Выход

l
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » SUBJECT MATTERS » БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП » Бухгалтерлік есеп (Жолаева Р.А.)
Бухгалтерлік есеп
KanatДата: Понедельник, 26.04.2010, 17:50 | Сообщение # 1
Сержант
Группа: Администраторы
Сообщений: 24
Репутация: 1
Статус: Offline
smile
Дәріс мазмұны

Тақырып 1. Ақпараттық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп.

1. Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есепітің пайда болуы және қалыптасуының тарихи аспектісі.
2. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау.
3. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
4. Шаруашылық құралдары мен олардың көздері.

1. Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып таб[c]ылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.
Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.
Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.
Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.
Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды.
Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.
Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.
Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық процестің негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер жатады:
1. Активтер мен олардық көздерінің қалыптасуы;
2. Инвестициялар;
3. Қаржы активтерінің қалыптасуы /экономикалық ресурстардың/ және міндеттемелерді қабылдау;
4. Өндіріс процесімен байланысты активтерде өзгерістердің болуы;
5. Табыстардың қалыптасуы;
6. Табыстардың бөлінуі және қайта бөлінуі;
7. «Бөлінбеген пайданың» қалыптасуы және оның өндіріс процесін кеңейтуге қолданылуы;
[l]

 
Форум » SUBJECT MATTERS » БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП » Бухгалтерлік есеп (Жолаева Р.А.)
Страница 1 из 11
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016Сделать бесплатный сайт с uCoz